«Халықтың денсаулығын сақтау мен медициналық көмек сапасын арттырудыңнегізгі мәселелері жергілікті атқару органдарының құзырында бола тұра, қаражатжеткілікті бола тұра, мемлекеттік бағдарлама шараларында алшақтық туып,өңірлерде орындалмаса, қисынды сұрақ туындайды. Жалпы жабдықтауға 49 млрд теңгебөлінеді. Кейбір әкімдіктер жылына 1-6 млрд теңгені материалдық жабдықтауғажұмсайды», - деді Елжан Біртанов елордада министрлік алқасының кеңейтілгенотырысында.
Министр қаражат пен нормативті-құқықтық базаның және ЖОО бар екенінайтып, сәйкесінше, атқару тәртібі жөнінде мәселе туындайтынын жеткізді.
«Денсаулық сақтау басқармаларын Денсаулық сақтау министрлігіне қайта бағындырумәселесін көтереміз. Мұны Үкімет пен Президент Әкімшілігіне дейін жеткіземіз.Келесі мемлекеттік бағдарламалардың неге орындалмағаны туралы Сіздердітұрғызып, сұрап отырғымыз келмейді. Денсаулық сақтау басқармаларының басшысынминистрлік тағайындайтын бұрынғы жүйені қайтару керек», - деді Елжан Біртанов.
Айта кетейік, елордада 2019 жылдың жартыжылдығына арналған ҚР Денсаулықсақтау министрлігі алқасының отырысы өтіп жатыр. Отырыста 2016-2019 жылдарыденсаулық сақтауды дамытуға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы,2019-2020 жылдарды қамтитын бастапқы медициналық-санитарлық көмекті дамытушараларының жоспары, 2019 жылға арналған ҚР ана өлімін азайту бойынша жеделжоспар, 2019-2021 жылдарға арналған балалар өлімін азайту бойынша шараларжоспары, кадрлық қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінәлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту мәселесіқаралады.