Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін алғашқы тоқсандағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған алқалы жиында айтты.
«Жедел және шұғыл медициналық жәрдем ауруханасы толық қуатымен жұмыс жасай бастады. №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының жаңа ғимараты және әйелдердің босанғанға дейінгі орталығы мен көпсалалы аурухана іске қосылды. Қазіргі заманғы құрал-жабдықтар сатып алынды. Енді жаңа денсаулық сақтау мекемелерінің сапалы жұмыс жасауына күш салып, ондағы озық құрал-жабдықтардың тиімді пайдаланылуына барлық күш-жігерді жұмсау керек», - деді А. Смағұлұлы. Шаһар басшысының айтуынша, ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласына 40 миилиард теңге бөлініп отыр. Оның 2,1 миллиарды құрал-жабдықтар алуға жұмсалмақ. Ақпандағы халыққа есеп беру жиынында берілген медициналық қызмет сапасын көтеру жөніндегі тапсырмасының әлі орындалмағанын айтқан А.Есімов өз орынбасары Серік Сейдуманов пен денсаулық сақтау басқармасының бастығы Роза Қуанышбековаға мамандар дайындау және дәрігерлердің біліктілігін көтерудің бағдарламасын жасауды міндеттеді.