«Жыл сайынғы кезекті тұмаудың екпесін салдырдым. Былтыр екпеден кейін суық тиіп ауырған жоқпын. Бүгін Қазақстанда жыл сайынғы тұмауға қарсы вакциналау науқаны басталды. Барлықтарыңызға саулық тілеймін!», деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
Еске сала кетсек, биыл вакциналау науқаны қарсаңында бюджет есебінен Ресейде шығарылған «Гриппол » вакцинасының 2,5 млн дозасы сатып алынды. Сондай-ақ, Санофи-Пастер (Франция) өндірген «Ваксигрип Тетра», Инфлювак (Нидерланд) мен Синовак Биотек (Қытай) компаниялары өндірген вакциналарды да алуға болады.