Еске сала кетейік, АҚШ клиникасында ес-түссіз жатқан павлодарлық студент Айнұр Ахметованы жасанды тыныс аппаратынан ажыратпай, Қазақстанға жеткізу туралы шешім қабылданғаны туралы бұрынырақ хабарланған болатын, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан барлық ұйымдастыру мәселелері шешіліп, соның ішінде бизнес-құрылымдар арқылы әуе транспортымен науқасты Отанына жеткізу үшін қаражат тартылып, ағымдағы жылғы 21 тамызда таңғы сағат 05-те Айнұр Астана қаласының әуежайына жеткізіліп, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының жан сақтау бөліміне жатқызылды. Нейрохирургия орталығында қолдау терапиясы жүргізілуде.
Науқастың жағдайы өте ауыр, миы аноксиялық зақымданған, 3-ші дәрежедегі ессіз күйде, екі өкпесі қабынған, экссудатты плеврит. Демалуы тек жасанды тыныс аппаратының көмегімен жүзеге асырылуда. Науқас сыртқы қоздырғыштарды сезбейді, рефлекстері жоқ.