«Жалпы градусниктер біздің нарықта жетеді. Бөлшектік желіде де баршылық. Ауқымды дефицит пен дүрбелең сынапты градусниктерге қатысты туындап отыр. Қазір нарықта баламалы нұсқалар жетерлік», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министр бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып өтті.
«Қандай да бір талаптарды қойып отырған ұйымдармен жұмыс жүргізіп, олардың мәселесімен айналысып жатырмыз», - деді ведомство басшысы.
Еске сала кетсек Алексей Цой бұған дейін Қазақстанға парацетамолдың 700 мың қаптамасы жеткізілгенін, тағы 800 мыңы күтіліп отырғанын хабарлаған еді.
5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге қатаң шектеу шаралары енгізіледі.