ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Пациенттердің құқықтарынқорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысын өткізді», - деді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Кеңес отырысында денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері, азаматтардың өз денсаулықтары үшін ортақ жауапкершілігін арттыру, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда үкіметтік емес ұйымдардың қызметін белсенді ету жайы талқыланды.
Жиында министр өңірлік денсаулық сақтау басқармаларынан науқастардың жекелеген санаттары үшін дәрілік препараттарды нақты жоспарлауды талап етті. «Дәрілік құралдарды жоспарлау үрдісі ең алдымен, науқастар үшін барынша ашық және түсінікті болуы тиіс», - деді министр.
Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері министрге 2011 жылы атқарылған әлеуметтік тапсырыс нәтижелері туралы баяндады. Сонымен қатар, өңірлерде әлеуметтік тапсырысты дамытудың негізгі бағыттары анықталды. Денсаулық сақтау министрлігі мен үкіметтік емес ұйымдар арасында қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін бірлесіп шешуде біршама тәжірибе бар. Атап айтқанда, дәрігерлер мен провизорлар, фармацевтикалық қызметті, фармацевтикалық және медициналық өнімдерді қолдау және дамыту саласындағы кәсіби қауымдастықтар, тәуелсіз сарапшылар салаға қатысты нормативтік құқықтық база әзірлеуге және оның аясын кеңейтуге, консультативтік органдар жұмысына белсенді қатысады.
Үкіметтік емес ұйымдар Денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламаларын іске асыруға да араласады. Бірлесе атқарылған іс-шаралар нәтижесінде елімізде ана өлім-жітімі - 1,5 есеге, бала өлім-жітімі - 9,9 пайызға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім - 20 пайызға, қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім - 8,3 пайызға, туберкулезбен сырқаттанушылық - 9 пайызға, өлім-жітім көрсеткіші - 23 пайызға азайды.
Қан диабетіне шалдыққандарға медициналық көмек көрсету, аурудың және асқынулардың алдын алу, сонымен қатар қант диабеті проблемалары туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының Диабет қауымдастығымен тығыз қарым-қатынас жолға қойылды. Тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы және Қазақстан Республикасының медициналық қызметкерлер кәсіподағымен өзара бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылуда.