«Министр мырза бізбен бірге бірінші қатарда екпе алуға дайын. Ол да өз еркімен қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдыруды жоспарлап отыр. Бұл вакцина дайын болғанда, зерттеулер біткен соң, ол (министр – ред.) бұл вакцинаны салғызады. Қашан өтетінін сіздерге жариялаймыз және бұқаралық ақпарат құралдарын осы процедураға қатысуға шақырып, халыққа көрсететін боламыз», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, әзірге үш мың еріктіге қазақстандық QazCovid-in вакцинасы егілді.
26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын мәлімдеген еді.