деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Бұл бағыттар медицинада ең жоғары технологиялы болып табылады және елдегі денсаулық сақтау саласының даму деңгейін көрсетеді. Бүгінгі таңда бүйректің созылмалы жетіспеушілігі мен лейкоздарды емдеудің ең тиімді әдісі - бүйрек және сүйек кемігінің трансплантациясы жөніндегі операциялар», - делінген баспасөз хабарламасында.
Мәселен, 2010 жылғы желтоқсанда тәуелсіз мемлекетіміздің тарихында алғаш рет көптеген миеломасы бар науқасқа дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы жүзеге асырылды, бұл аурудың қайтуына қол жеткізуге мүмкіндік туғызады.
Корея Республикасының мамандарымен бірлесіп өткен шеберлік сабақтары шеңберінде Астанада алғаш рет Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының базасында туыстық бүйректің трансплантациясы жүзеге асырылды. Болашақта дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясын жылына 10-ға дейін жеткізу және аллогенді трансплантацияға дайындалу жоспарлануда.