Денсаулық сақтау министрлігі тұмаудан сақтанудың ең тиімді жолы халықты тұмауға қарсы егу екенін ескертеді

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі апталық мониторинг бойынша ағымдағы жылы жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық ахуал қалыпты екенін хабарлайды.

Республика бойынша ЖРВИ-дің 90 359 жағдайы тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,3 есе төмен болып отыр. Тұмау жағдайы тіркелген жоқ.

Сараптау ЖРВИ-мен сырқаттанғандардың басым бөлігін (71,9%) 14 жасқа дейінгі балалар құрағанын, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар арасында 9 658 жағдай (немесе 14,38) тіркелгенін көрсетті.

Зертханалық сараптама қорытындысы бойынша республика көлемінде тұмау емес вирустар анықталды (аденовирустар, риносинтициалдық және парагриппоздық вирустардың 1 және 3 санаттары), ал тұмаудың А мен В түрлері анықталған жоқ.

Тұмауға қарсы осал топтарды (созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры аурулары, иммундық жетіспеушілігі бар ересектер мен балаларды, әлсіз және жиі ауыратын балаларды, медицина қызметкерлерін, интернаттық мекемелердегі ересектер мен балаларды) егу жұмыстары аяқталды. Жұмыс берушілер мен жеке тұлғалардың сұрауы бойынша тұмауға қарсы егу жұмыстары жалғасуда.