АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Инфекциялық аурулардың, тамақтан уланудың алдын алу, білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Н. Сәдуақасов «Жалпы білім беретін мектептер мен интернаттық ұйымдарда санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу туралы» қаулы шығарды.
Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Осы қаулыға сәйкес, облыстарың, Астана мен Алматы қалаларының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына жалпы білім беретін мектептер мен интернаттық ұйымдардың 2011-2012 жаңа оқу жылына дайындығын бақылауға алуға, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптары бұзылған жағдайда, оларды пайдалануға тыйым салуға тапсырма берілді.
Мектептердің дайындық нәтижелерін денсаулық сақтау және білім беру басқармаларымен бірлескен кеңестерде талқылау жоспарлануда.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.