Денсаулық сақтау министрлігі тартқан мәліметтерге қарағанда, биылғы жылы жылжымалы медициналық кешендердің жұмысы жолға қойылғалы 98 мың 324 адам медициналық қызметпен қамтылған. Сондай-ақ 68 мың 816 диагностикалық, 46 мың 78 лабораториялық зерттеулер жүргізілген. Бұған қоса мамандар 86 мың 226 медициналық консультациялар берген.
Сондай-ақ министрлік мәліметтерінше, елімізде республикалық бағыттағы жолдарында жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен азаматтарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында жыл сайын реаномобильдер сатып алынып отырады. Биылғы жылы министрлік осындай 15 көлік сатып алмақшы. Өткен жылы 14 реаномобиль сатып алған болатын. Бүгінде еліміздің аймақтарында барлығы 17 жылжымалы медициналық кешендер жұмыс істеп тұр.