«Барлық деңгейде дәрімен қамтамасыз етуге кететін шығынды қоса алғанда науқас үшін ақы төлеуді қарастыратын Ғаламдық бюджет жүйесін енгізудегі мақсат - қатерлі ісік ауруларына шалдыққан науқастардың өмір сапасын жақсарту», - делінген хабарламада.
Бұдан өзге, селекторлық режімде өткен кеңесте онкологиялық қызмет менеджментін көтеру, науқастардың медициналық қызметке қанағаттанушылығын арттыру, оларды дәрі-дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар жүктелді.
Кеңес жұмысына облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары, облыстық онкологиялық диспансерлердің бас дәрігерлері қатысты.