Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және алдын алу мәселелері қаралды

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Серікбол Мусиновтың төрағалығымен ведомствоға қарасты республикалық ұйымдар жетекшілерінің селекторлық кеңес болып өтті.

Кеңесте бірқатар ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары мен оқу орындары жетекшілерінің есептері тыңдалды.

Аталған іс-шараның күн тәртібіндегі негізгі мәселе денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және алдын алуға қатысты болды.

Кеңес қорытындысында жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін нақты жүйелі іс-шаралар қабылдау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.