Бұл туралы бүгін өткен брифингте ведомство басшысының орынбасары Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Медициналық қызметтерді сатып алу жөніндегі комитет 2010 жылғы қаңтардың 1-нен бастап Қазақстанның ауруханаларында енгізілгелі отырған «Денсаулықты сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі» негізінде жасақталды.
Вице-министрдің айтуынша, комитеттің әр аймақта аумақтық бөлімшелері болады және олардың міндетіне медициналық қызметтерді жеткізу және науқастарға көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу бойынша келісімшарттарды жасау кіреді.
Сондай-ақ жаңа комитет қазір министрлікте істеп тұрған Фармацевтикалық бақылау комитетімен бірлесіп жұмыс жасайтын болады деп жоспарлануда.