Денсаулық сақтау министрлігінде Жауапты хатшы С.Мусиновтың V Азаматтық форум делегаттарымен кездесуі өтті

ТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде Жауапты хатшы С.Мусиновтың және құрылымдық бөлімше жетекшілерінің V Азаматтық форум делегаттарымен кездесуі өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

С. Мусинов өз сөзінде халықтың денсаулығын нығайту мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Азаматтық қоғамды дамыту Концепциясын жүзеге асыру, үкіметтік емес сектормен ынтымақтастықты нығайту және қоғамдық өмірді демократияландыру мақсатында Министрлік тарапынан ҮЕҰ-ды денсаулық сақтау саласындағы міндеттерді бірлесіп шешуге тарту арқылы іс-шаралар іске асырылуда.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының негізігі бағыттарының бірі қоғамдық денсаулықты сақтауда сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру болып табылады.

Бүгінде денсаулық сақтау саласында 100-ден астам ҮЕҰ жұмыс жасайды. АИТВ/ЖИТС-тың алдын-алу мәселелері бойынша 90-нан астам үкіметтік емес ұйым, туберкулезбен күресуге 12-ден астам халықаралық және 20 қоғамдық ұйым мен қорлар көмектесуде.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы аясында әлеуметтік маңызды жобаларға қаражат бөлу қарастырылған.

Министрлік ағымдағы жылы алғаш рет ҮЕҰ арасында әлеуметтік тапсырыс орналастырды. Бұл жобалар болжамды өмір сүру ұзақтығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және репродуктивті денсаулықты нығайту, қант диабетімен ауратын пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту, профилактикалық медицинаны ары қарай нығайтуға бағытталған.

Бірқатар жобалар медициналық қызметтің және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сапасына, БМСК жүйесі үшін әлеуметтік қызметкерлерді дайындауға, медициналық қызметкерлердің беделін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттiк бағдарламаны мониторингілеуге арналған.

Кездесу диалог түрінде өтті. Делегаттар өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарына толық жауап алды.

С. Мусинов саланың нормативтік құқықтық базазын әзірлеуге, денсаулық сақтау саласының консультациялық-кеңесші органдарының, халықпен және бұқаралық ақпарат құралдармен аурулардың алдын-алуы мәселелері, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмысқа белсенді қатысушы барлық қоғамдық ұйымдарға алғыс білдірді.

Министрліктің ҮЕҰ-мен серіктестік қарым-қатынасқа негізделген өзара әрекеттестігі, сектораралық және салааралық сипаттағы мәселелерді шешуге, әрбір азаматтың өз денсаулығы мен қоғам денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.