Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне жаңа басшы тағайындалды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Арман Тергеуұлы Айдарханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Оның орнына Назарбек Есіркепұлы Бейсен тағайындалды, ол бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.