Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Маңғыстауға сапар ұйымдастырды

None
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Маңғыстау облысы, оның ішінде Жаңаөзен қаласы және Шетпе ауылының халқына тәжірибелік көмек көрсету мақсатында

республикалық емдеу мекемелерінің және Министрліктің штаттан тыс бас мамандарының облысқа сапарын ұйымдастырды», деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

 Ағымдағы жылдың 5-9 қаңтар күндері аралығында Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, Нейрохирургия республикалық ғылыми орталығының мамандары, штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматолог және педиатр мамандар Маңғыстау облысында болып қайтты.            

 Сапар барысында мамандар емдеу-профилактикалық ұйымдарға барып, науқастарды қарап, кеңестер берді. Көрсетілімдеріне қарай науқастар әрі қарай ем қабылдау үшін Астана және Алматы қалаларындағы республикалық клиникаларға бағытталды. Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық ауруханасында 6 травматологиялық операция жасап, шеберлік-сыныптарын өткізді. Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының жетекшісі Талғат Құдайбергенов Жаңаөзен қалалық емханасында 88 жүкті әйелді және 95 науқасты қарап, ана мен бала өлім-жітімі көрсеткіштерін сарапқа салған семинар-кеңес өткізді.

 Бүгінгі күні Маңғыстау облысында Денсаулық сақтау министрлігінің А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығының, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мамандары, штаттан тыс бас кардиолог, эндокринолог мамандар жұмыс істеуде. Маңғыстау облысының тұрғындарына медициналық тәжірибелік көмек көрсету шаралары әрі қарай жалғасатын болады.