Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.