Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат өңірлер бойынша біркелкі емес - сарапшы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әрбір қазақстандықта емхананы өзі таңдау мүмкіндігі бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау саласы бюджетінің ашықтығына жүргізілген мониторинг нәтижелеріне қатысты өткен «Antikor.Live» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің еліміздегі әр аймақ әртүрлі сипаттамасы бойынша ерекшеленеді. Медициналық қызметтерге орташа медициналық шығындар әртүрлі. Мысалы, Алматы облысында бір адамға шамамен 45 мың теңге, ал елорда тұрғынына 159 мың теңге жұмсалады. Бұл 2018 жылғы мәліметтер бойынша көрсеткіш», - дейді Экономика және денсаулық сақтауды қаржыландыру мәселелері жөніндегі сарапшы және консультант Марат Мамаев.

Оның айтуынша, мұндай жағдайдың басты себебі - бүкіл инфрақұрылым елордада орналасқан.

«Адам медициналық көмек алу үшін Нұр-Сұлтанға барады. Яғни ақша осында құйылады, өйткені елордада көптеген ұлттық орталықтар, ғылыми институттар, республикалық клиникалар және басқалары шоғырланған. Мәселе мынада: еліміздегі тұрғындардың шығыс мөлшері бірыңғай, біркелкі емес. Бұл үлкен мәселе, оны бір жөнге келтіру керек. Ол оңай жұмыс емес, себебі әр адамда емхананы таңдау мүмкіндігі бар. Мысалы, Алматы облысынан келген адам астанада емделгісі келсе, оған ешқандай кедергі болмауы керек. Бұл жерде мәселе басқада: Алматы облысының тұрғыны медициналық көмекті не себепті сол жақта жүріп ала алмайтығында», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар