Денсаулық сақтау саласындағы реформаларға қарамастан жұртшылық тарапынан шағымдар азаймай тұр - «Аман-саулық» қоғамдық қоры

А. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/  - Денсаулық сақтау саласындағы реформаларға қарамастан  жұртшылық тарапынан шағымданулар азаймай тұр.Бұл туралы бүгін Астанада IV Азаматтық форум барысында «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бүгінде, яғни жыл соңында дәріханалар мен ауруханаларда өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектер жоқ. Оның ішінде қант диабеті бойынша. Әрине, біз өте жақсы препараттарға қол жеткіздік, егер олар өз тұтынушыларына жетпесе, бұдан еш пайда жоқ. Кейбір аурухалар мемлекеттік тапсырыстың аяқталуы себебінен, мемлекеттік бюджет есебінен ауруларды қабылдай алмай жатыр. Бұл мәселе де бүгінде байқалуда», - деді ол.

Б. Түменова  төмен жалақының салдарынан медицина саласындағы дәрігерлер жұмыстан кетіп жатқанын айтып өтті. Оның пікірінше, аймақтардағы медициналық қызмет көрсетуді жақсарту қажет.