Рейтинг құру кезінде орташа өмір ұзақтығы мен денсаулық сақтауға кеткен шығындар ескерілді. Осылайша, Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің 4,36 пайызы бөлінеді және орташа өмір ұзақтығы 71,62 жас болған.
Есеп мәліметтеріне сүйенсек, ЕЭО елдері Ресей мен Беларусь 55-ші және 49-шы орынға табан тіреген. Ресейде орташа өмір суру жасы 70,37 және ЖІӨ 7,07 пайызы бөлінеді, ал Беларусь елінде ЖІӨ 5,69 пайызы бөлініп, орташа ұзақтық 72,98 жасты құраған.
Сонымен бірге, Bloomberg денсаулық сақтау жүйесі тізімінде 55 ел бар. Соңғы орындарды Ресей, Бразилия, Әзербайжан, Колумбия, Иордания алды. Испания бес қатарға көтеріліп, үшінші орынға шықты. Екінші орында Сингапур (ЖІӨ 4,92 пайыз, 82,65 жас), ал денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі бойынша Гонконг бірінші орында тұр.