Денсаулық сақтау жүйесін модернизациялау - басым бағыттардың бірі - Асқар Бегайдаров

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жаңа заман талаптарына сай модернизацялау мен әлемдік стандарттарға сай сапасын арттыру - Жолдау айқындап берген қазіргі таңдағы басым бағыттардың бірі.

Бүгін Астана қаласы мәслихатының депуттары, медицина саласының ұстаздары мен студенттері қауымының қатысуымен Жолдау жүктеген міндеттер мен «Нұр Отан» ХДП-ның XІІІ съезінің шешімдерін талқылауға қатысты Астана медициналық университетінде өткізілген жиында универстеттің жастар ісі жөніндегі деканы Асқар Бегайдаров осылай деді.

Партия отырысында, биылғы жылғы Жолдаудың негізгі міндеттерімен ұштасқан партия жұмысының басым бағыттарын анықтайтын 2020 жылға дейінгі партияның жаңа бағдарламасы қабылданған болатын. Жиында партияның денсаулық сақтау жүйесін жақсарту саласындағы жаңа мақсаттары мен міндеттері сөз болды.

«Жолдау жүктеген мемлекеттік маңызы бар міндеттерді талқылап, болашақ мамандарға жеткізу, әрі Қазақстанның медицина саласын жетілдірудің қазіргі заманға сай жаңа жолдарын іздестіру маңызды», - деді Асқар Бегайдаров.