Денсаулық саласында қызметкерлер жалақысы бір жылда 32 пайызға өсті
Салыстырмалы түрде: жалпы алғанда Қазақстан Республикасы бойынша орташаайлық жалақы 14,3 пайызға, 233,1 мың теңгеге дейін өскен (нақты өсім — 6,5 пайыз). Денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек көрсету саласындағы жалақы орташа есеппен алғанда республика бойынша жалақыдан 15 пайыз аз.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіби одағының арасында өткен жылдың басында қол қойылған келісімге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақысын орташа есеппен алғанда 30 пайызға және орташа медициналық қызметкерлер жалақысын – 20 пайызға өсіру жоспарланған.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми порталындағы мәліметтерге сәйкес, 2021-2023 жылдары әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын екі есе: 2021 жылдың 1 қаңтарынан – 50 пайызға, 2022 жылы – 25 пайызға және 2023 жылы тағы 25 пайызға өсіру жоспарланған.