Микрофлора бұзылса, оның салдары да соншалықты қауіпті болуы мүмкін.
Ауыз қуысы обырының пайда болуы төрттен үш жағдайда темекі шегуге байланысты болса да, бактериологиялық факторды да жоққа шығаруға болмайды. Ғылыми зерттеулер мұның ішінде темекіні «бірінші» орынға шығарды. Ғалымдар микрофлорадағы білінген өзгерістер темекі түтініндегі канцерогенді қосындыларға қарсы немесе ауыз қуысы ауруларының, өкпе, асқазан-ішек жолдары қабынуының дамуына қарсы табиғи қорғанышты әлсірететінін дәлелдеді.
Әзірге зерттеушілер шылымқорлардың ауыз қуысындағы микрофлора мен мүлдем темекі шекпеген, теріс әдеттен бас тартқан адамдардың микрофлорасынан қатты ерекшеленетінін анықтай алды.
Адам темекі шегуді тастаса, микрофлора қалпына келеді екен.
10 жыл темекі шекпегендердің микрофлорасы мүлдем темекі шекпегендердің микрофлорасынан еш айырмашылығы болмай шыққан.
07:17, 04 Сәуір 2016
ДЕНСАУЛЫҚ: Темекіні қойған адамның ауыз микрофлорасы тез қалпына келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Темекі шегу тек өкпеге ғана зиян емес, сонымен бірге ол ауыз қуысындағы микрофлораның өзгеруінен болатын обырға әкеп соқтыруы мүмкін. Мамандардың есебінше, адам ауызында бактерияның 600-ге жуық түрі бар. Олардың әрқайсысының өз рөлі бар, деп жазды Zee News.