Денсаулық туралы жаңа журнал жарыққа шықты

АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда «Деніңіз сау болсын» деген атпен орыс тіліндегі отбасылық жаңа журнал жарыққа шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Басылым Медеу аудандық шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығының көмегімен жарық көріп отыр. Журналдың басты бағыты денсаулық саласын, салауатты өмір салтын насихаттау. Біз тұрғындарға өз құқығын, денсаулық сақтау бағытында кеңестер беру қажет деп есептейміз», дейді басылымның құрылтайшысы, «Adberry»ЖШС директоры Нұрлан Жақсығұлов. Журналдың бас редакторы Татьяна Новикованың айтуынша, денсаулық саласында көптеген өзгерістер орын алуда. Бұл бағытта тұрғындарға ақпараттар жетіспейді. "Сондықтан журналда түрлі кеңестер, ақпараттар, жаңалықтар беріліп отырады" дейді Т.Новикова.

Басылымның ерекшелігі - тегін таратылатындығында. 10 мың данамен шығатын журналды қоғамдық орындардан табуға болады.