Университет қызметкерлері мен оқытушылары арасында өткен тартысты сайыс барысында математика-механика факультеті - 1-орын, филология факультеті - 2-орын, халықаралық қатынастар факультеті - 3-орынды иеленді.
Ал үстел теннисі ойыны бойынша ректорат қызметкерлері топ жарды. әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқытушылары - 2-орынды, жаратылыстану ғылымдары факультеті 3-орынды иеленді.
Сайыс соңында университеттің кәсіподақ комитеті спорт ардагерлері атанған математика-механика факультетінің оқытушысы М.Исмағамбетов пен спартакиадаға ректорат құрамасы атынан қатысқан Н.Романенконы марапаттап, оларға арнайы сыйлық табыс етті. Сонымен қатар осы сайыс барысында үздіктер қатарынан көрінген барлық ойыншылар да сый-сияпатсыз қалған жоқ.