Аталмыш күндері жылжымалы медициналық кешеңдер Қызылорда облысы Қармақшы ауданының 3-ші интернационал ауылына, Қазалы ауданының 6, сондай-ақ Жаңақорған ауданының 3 ауылына бармақшы. Медициналық жұмылдыру бригадаларының құрамында терапевтикалық, кардиологиялық, эндокринологиялық, фтизиатрлық, онкологиялық және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерінің мамандары бар.
4 және 5 тамыз күндері Алматы қаласы медициналық ұйымдардың қызметкерлері ақпараттық-кеңестік көмек көрсетіп, «Д-Маркет» әмбебап базарында зертханалық-диагностикалық тексеру жүргізетін болады.
5 тамыз күні жылжымалы медициналық кешең Атырау облысы Исатай ауданы Хамит Ерғалиев ауылына барады. Ауыл тұрғындарын бейінді мамандар қарайтын болады. Сонымен қатар, лабораториялық және аспапты зерттеулер де ұйымдастырылады (УДЗ, ЭКГ, рентген). Пойыз - бұл жылжымалы емхана. Кардиолог кабинетінде қажетті медициналық жабдықтың барлығы бар. Невропатолог кабинетінде жаңа неврофизиологиялық аппарат, УДС-аппараты, доплерография мен эхоэнцефалоскоп өткізуге арналған аппарат бар. Бұл медицина қызметкерлеріне бас миы тамырларының жағдайын тексеруге мүмкіндік береді. Клиникалық-диагностикалық зертхана заманауи медициналық қондырғылармен жарақтандырылған. Офтальмолог кабинетінде көздің ішкі қысымын өлшейтін байланыссыз тонометр, көздің рефракциясын анықтайтын кераторефрактометр бар.
Естеріңізге сала кетейік, ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акциясы өтіп жатыр.