АСТАНА. KAZINFORM — Әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың банктегі депозиттерінен түсетін сыйақыға 5% салық енгізіледі деген ақпарат тарады. Ұлттық экономика министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Министрліктің хабарлауынша, қолданыстағы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары бойынша төленетін сыйақыға жеке табыс салығы салынбайды.
Осылайша, қазақстандықтардың банктегі депозиттерінен алатын сыйақысына 5% салық енгізу туралы ақпарат — жалған.
— ҚР Үкіметі бұл норманын күшін жою және депозиттер бойынша сыйақыларға салық енгізу мәселесін қарастырып жатқан жоқ, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін биыл Ұлттық банк депозит мөлшерлемелерін реттеу саясатын жетілдіретінін хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.