«Ұлттық банк қабылдаған шараларға тоқталсақ, теңгедегі депозиттер көлемін ұлғайтып, салымдардың долларлануын төмендетіп, ұлттық валютадағы активтерді қорғауға мүмкіндік берді. Маусым айынан бастап теңгедегі депозиттердің өсуі байқалып отыр. Депозиттердің жалпы көлемі ең жоғары көрсеткішке, яғни 28,1 трлн теңгеге жетті», - деді Ғ. Пірматов елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, депозиттердің долларлануы осы жылғы ақпандағы ең жоғары деңгей 38,4 пайыздан шілденің соңындағы 35,4 пайызға дейін төмендеді. Ал ірі салымдарды қоспағанда, халықтың депозиттерінің долларлануы рекордтық төмен белгіге дейін 15%-ға жетті.
«Қабылданған шаралар аясында несие бөлу қарқыны жалғасты. Осы жылғы шілдеде экономикаға несиелер жылдық мәнде халық пен бизнеске теңгемен несие бөлу есебінен 20,4 трлн теңгеге дейін 27,1 пайызға, осы жылдың басынан бастап 10,1 пайызға өсті. Ұлттық банк тамызда экономикаға несие бөлу бойынша кеңейтілген статистиканы жариялай бастады. Басқа қаржы ұйымдарын есепке алғанда, экономикаға несие бағыттаудың жалпы сомасы 24,2 трлн теңге құрды», - деді ҰБ басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық банк базалық ставканы 14,5% деңгейінде сақтап қалады.