АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың наурыз айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі деңгейінің сақталуына байланысты қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде сақталды. Яғни 9,0 пайыз. Нарыққа байланысты айқындалатын мерзімді депозиттердің мөлшерлемелері де 9,0 өзгеріссіз қалады»,-деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі.
Банктердің нақты нарықтық мөлшерлемелерінің біртіндеп төмендеуі одан әрі жалғасуына байланысты 24 айға арналған ұзақ мерзімді жинақ салымдардың сыйақы мөлшерлемелері қайта қаралды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.