Бұл бас киімнің ерекшелігі - магниттік импульстар адам миының белгілі бір бөліктеріне әсер етеді, сөйтіп күйзеліспен күресуге көмектеседі. Қазіргі сәтте өнертабыс клиникалық сынақтан өткізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, шлем сондай-ақ жақын болашақта Паркинсон және Альцгеймер ауруларын емдеу үшін қолдануда табыс әкелуі тиіс. Бүгінгі таңда мұндай бас киімнің 70 данасы сатылған, оның негізгі сатып алушылары - американдықтар болды, деп жазады firstnews.ru.
04:37, 06 Мамыр 2014
Депрессиядан құтылуға көмектесетін бас киім сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израиль ғалымдары депрессияны жеңуге жәрдемдесетін шлем ойлап тапқан.