«Депутаттың сұрағына жауап қайтара отырып, «хочу ответить на русском языке, так будет доступнее» дегеніңізді қалай түсінуге болады? Депутат Магеррамовтың (Магеррам Мамедович) сұрағына да жауап берген кезде де сол логика бойынша сөйледіңіз. Сонда сіздің пікіріңізше, жауапты қазақ тілінде қайтарғанда ойды «доступно» жеткізудің мүмкіндігі жоқ па?!»,-деп атап өтті депутат Сауытбек Абдрахманов Республикалық адвокаттар алқасының төрағасына қаратып айтқан сөзінде.
Өз кезегінде Мәжіліс вице-спикері Владимир Божко депутат С. Абдрахмановтың ескертуін құптайтынын айта келе, мемлекеттік тілді меңгеруді жалғастыру қажеттігін жеткізді.
«Уақыт өткен сайын қазақ тілін қолдану барлық жерлерде өсіп келеді. Сондықтан баршамызға шыңдалу керек, оның ішінде маған да мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін жетілдіре түсу қажет», - деді В. Божко.
Үкімет сағаты барысында бұл мәселеде депутат Қуаныш Сұлтанов Президенттің еліміздің рухани жаңаруға байланысты мақаласында көтерілген ұлттық тұтастық тұрғысындағы мәселеге назар аудару қажеттігін айтты.
«Біз осындай оғаштықтардан өсуіміз керек. Мемлекетіміздің рухани, ұлттық тұтастығына қатысты барлық орындар, яғни атқарушы билік, заң шығарушы биілік, адвокаттар және нотариаттар болсын осы қадамдарды түсініп жасауы керек», - деді Сұлтанов.