Оған Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшесі, депутат Олег Дымов бастамашылық жасап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы мәселе жөнінде депутат О.Дымов ҚазАқпарат тілшісіне түсінік берді.
«Менің шығармашылық жобаларым бар. Соның бірі ретінде «Қазақстан менің жүрегімде» («Казахстан в моем сердце») деген ортақ атаумен өлеңдер жинаған шығарғалы отырмыз. Ол негізінен жастардың патриоттық сезімін арттыруға бағытталған. Бұл жинақтың авторлары - Парламенттің барлық шақырылымындағы депутат-ақындар. Ол тізімді ақын Олжас Сүлейменов бастайды. Сондай-ақ Әбіш Кекілбай, Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов, Әкім Ысқақ, Өтеген Оралбаев, Людмила Хочиева және басқалар бар. Жинақ екі тілде шығады. Ақындар қай тілде жазса, сол тілде өлеңдері жарияланғалы тұр», - деді Олег Дымов.
Қазір кітапты құрастыру жұмыстары аяқталып келеді. Жинақ мұқабасында тау мен Сарыарқаның кең жазығын бейнелеу жөнінде тоқтам жасалған. Фотосуреттер де сұрыпталып, таңдап алынған. О.Дымовтың айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігімен барлық мәселе шешілген, жыр жинағы мемлекеттік тапсырыс бойынша шығарылатын болды. Қажетті қаржы бөлінген. Шілде айында баспаға жіберіліп, күзде жарыққа шығатыны жоспарланып отыр.