деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана қаласы республиканың елордасы ретінде барлық жағынан дамып келеді. Бүгінде қаланың архитектуралық сәулетіне мәдениеті сай деп анық айта аламыз. Шаһарда астаналықтардың ғана емес, республиканың көз қуанышы мен мақтанышына айналған өнер ордалары аз емес. Солардың бірі және бірегейі - Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры мен Максим Горький атындағы орыс драма театры. Аталған өнер шаңырақтарының тарихы қала мен өңірдің кешегі және бүгінгі шежіресімен астасып жатыр. Орыс драма театрының құрылғанына 80 жылдан асса, қазақ драма театрының алғашқы қойылымы өткен ғасырдың 30-шы жылдары сахнаға шығарылған»,- дейді Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл.
Екі театр да ұзақ уақыт қала мен аймақтың рухани-эстетикалық сұранысын қанағаттандырумен бірге, қазақ өнерін шетелдерге танытуға ойдағыдай қызмет етіп келеді. Бүгінде астаналық театрлар жоғарғы талғамға сай сахналық шеберлігімен және репертуарлық бай мазмұнымен ерекшеленуде. Әлемдік драматургияның озық үлгілері мен қазақ драмасының классикалық туындыларын сахналауда айтарлықтай жетістікке ие. Оларда 4 халық әртісі, Қазақстанға еңбегі сіңген 14 қайраткер, халықаралық және республикалық мәртебелі сыйлықтардың лауреаттары қызмет етеді.
Астана еліміздің мәдени-рухани ордасына айналып, әлемдік өнерге ұмтылған, ғаламға танылған шақта аталған театрлардың қалалық деңгейде қалуы орынсыз деп ойлаймыз. Олардың дәрежесі Астананың биік мәртебесіне сай болуға тиіс. Бүгінде осы өнер ордаларына республикалық мәртебе беру қай жағынан алсақ та әділдік болып табылады. Бұл театрлардың елге белгілі өнер шеберлерімен толығуына, әлеуметтік, материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал етеді.