Оның сөзінше, автодозвонға тыйым салу керек. Себебі қазіргі таңда осындай қоңыраулар азаматтар үшін нағыз проблемаға айналды.
— Біз заң жобасына бұған тыйым салатын арнайы норма енгізуді ұсындық. Министрлік бұл мәселені «бұйрық деңгейінде шешеміз» дегеніне бірнеше ай өтсе де, нәтиже жоқ. Сонымен қатар, алаяқтардың шетелдік нөмірлер арқылы жасайтын шабуылдарына тосқауыл қою — кезек күттірмейтін шаруа, — деп жазды депутат Telegram-арнасындағы парақшасында.
Сонымен қатар, Аймағамбетоы мобильді операторлар арасында бәсекелестікті арттыру қажет екенін алға тартты.
— Қазір көпқабатты үйлерде әр оператор өз алдына бөлек инфрақұрылым тартады, бұл қымбат және тиімсіз. Еуропа мен АҚШ тәжірибесіне сүйеніп, «инфрақұрылымды ортақ пайдалану» принципін енгізуді ұсындық, яғни, әрқайсысы жеке инфрақұрылым тартқанша, бар каналдарды өзара бөлісуді міндеттеу керек. Бұл шығындарды азайтып, соңғы нәтижеде тарифтердің төмендеуіне да әсер етуі тиіс. Байланыс сапасы мен бағасы халықтың көңілінен шығуы керек, — деп түйіндеді ол.
Осыған дейін Асхат Аймағамбетов білім бюджетін облыстан ауданға қайтаруға қарсылық білдіргенін жазғанбыз.