Антон Геращенко тәрелкені жалап отырған видеоны жұртшылыққа Украина президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Андрей Портнов жариялаған болатын.
Депутат Геращенконың сөзіне қарағанда, аталған видео ағымдағы жылы қыркүйек айында түсірілген болатын. Сол кезде Жапония елшісінің орынбасары оны шығыс мейрамxанасына шақырған. "Маған бір тағам қатты ұнады. Соны жапон дипломаты да байқап қалды. Сосын бір дәстүр туралы айтып берді. Оған сәйкес, аспазшыға өз ризашылығыңды көрсету үшін тәрелкені тап-таза етіп қайтарған дұрыс. Бұл ерекше ілтипаттың белгісі екен. Жапонияда солай істейді. Мен де осы дәстүрді орындағанды жөн көрдім", - деп жазды Геращенко Фейсбуктегі өз парақшасына.
Осы орайда ол дәмді әрі пайдалы тамақ жайында, сондай-ақ әлем елдерінің дәстүрлері туралы көбірек оқуға кеңес берді.