деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Депутаттың айтуынша, соңғы кезде оңтүстік-батыстан тынбай соғып тұрған желдің әсерінен Астананың ауасы нашарлап кеткен. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарының денсаулығына әсер ететіні анық. Әсіресе, қарттар мен балалардың, сондай-ақ созылмалы дертке ұшыраған жандардың денсаулық жағдайы күрт төмендеп кетуіне алып келеді.
«Елорданың ерекше мәртебесі мен келешектегі дамуын ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Астана қаласындағы зиянды қалдықтарымен ауаны ластайтын орындардың санын қысқарту мақсатында қандай іс-шаралар атқаруды жоспарлап отыр. Осы сұраққа жауап беруіңізді өтінемін», деді депутат Егор Каппель.