Депутат ғалымдардың проблемасын Сенатта көтеруге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің болашағы үшін алдағы референдумның маңызы зор. Бұл туралы сенатор Ләззат Сүлеймен Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымдарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенат баспасөзінің мәліметінше, депутат институт активімен бірге Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша алдағы референдумды талқылады.

«Еліміздің болашағы үшін алдағы референдумның маңызы зор. Азаматтар осылайша конституциялық реформаны жүзеге асыруға тікелей қатысып, болашақтағы жаңа Қазақстан үшін дауыс бере алады. Ұсынылып отырған түзетулер бойынша өз пікірін білдіру үшін қазақстандықтардың басым бөлігі сайлау учаскелеріне келеді деп сенемін» , - деді сенатор.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанда рухани мәдениетті дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.

Ләззат Сүлеймен ғалымдар көтерген проблемалық мәселелер жан-жақты зерттеліп, кейіннен Сенат комитетінің жұмыс отырыстарының қарауына шығарылатынын атап өтті.