«Сіз айтып отырған «Заказ билетов» сайтынан ойындардың билетін ала алмай отырмын. Мен сол сайттың жауабын оқып берейін. Сіздер бір нәрсе айтасыздар, ал іске келгенде мүлдем басқалай болып шығады. «Құрметті достар, Бесінші Дүниежүзілік Көшпенділер ойынына билет сату кезең-кезеңімен жүреді. Кейбір нысандарда күрделі жөндеу жүріп жатыр – көрермендерді орналастыру сызбасы өзгеріп жатыр. Осыған байланысты ойындардың ашылу, жабылу салтанаттарына арналған билеттер кейін сатыла бастайды. Офлайн кассалар жарыс басталардың алдында, қыркүйекте 3 нысанда ашылады» деп жазылған. Қазір билет сатылымда жоқ деп айтқандарыңыз дұрыс болатын шығар», - деді депутат.
Министрлік мамандары «Жекпе-жек» сарайында өтетін іс-шараның бәріне билет сатылып жатқанын айтып ақталды.
«Жақсы, сіз айтып отырған билеттерді қай жерден сатып алайын?» - деп сұрады Дәулет Мұқаев.