Бүгін Мәжілісте жаңа Құрылыс кодексінің жобасын таныстыру барысында депутат қазір заңнамада құрылысқа тапсырыс берушінің қылмыстық жауапкершілігі қарастырылғанын, ал техникалық қадағалау тек айыппұлмен ғана құтылатынын және іс бойынша куәгер болып шығатынын айтты.
«Қылмыстық кодекске олардың да жауапкершілігін күшейтуді ұсынамын», - деді Мұрат Ергешбаев.
Өз кезегінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин депутаттық ұсынысын қолдайтынын және аталған жауапкершілікті күшейту керек екенін айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, құрылыс саласындағы рұқсат құжаттарына ревизия жасалады.