Бейне роликтен хоккей ойыны кезінде мәслихат депутаты, «Стекло-Сервис» ЖШС директоры Аркадий Рубцовтың қарсыласына жұдырық ала жүгірген сәті анық көрінеді.
Ойын барысында Рубцов «Буревестник» командасы ойыншыларының бірімен соқтығысып қалады. Бұл басқа да ойыншылардың жаппай төбелесуіне алып келді.
Облыстық «Мұз айдыны спорт сарайы» БЖСМ директоры Есқабыл Жалмұрзиев бұл оқиғаға байланысты өзінің пікірін білдірді. «Бұл тек ойын сәтіндегі көрініс ғана. Біреуге бірдеме ұнамай қалды, сосын ұрып жіберіп төбелес басталды да кетті. Кейін қарсыластар бір-бірінің қолдарын қысып, татуласты»,- деді Есқабыл Жалмұрзиев.