«Таяуда ғана біз тұрғын үй заңнамасына өзгерістер енгізу мәселелері бойынша бастама көтердік. Бірінші мәселе - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының тұжырымдамасын жасау. Мәселен, құрылысшылар бірден үйдің пайдалануға берілуі туралы актімен бірге кондоминиумды тіркеуі керек. Екінші мәселе, тұрғын үйді сатып алу-сату актісімен пәтерді алғаннан кейін ол бірден автоматты түрде кондоминиум мүшесі болуы тиіс», - деді Мәжіліс депутаты.
Осы ретте ол аталған мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының атына депутаттық сауал жолдағанын атап өтті. Оның айтуынша, «Тұрғын үй қатынасы туралы» заң жобасын осы жылдың соңына дейін немесе келесі жылы әзірлеу жоспарланып отыр.