Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская мәлім етті.
Қарағандыдағы шағын ұшақтар шығару мәселесіне тоқталған депутат, әлеуметтік желілерде өзіне шағын авиация мәселесі бойынша жиі хат келіп түсетінін айтып өтті.
«Көлік саласына келгенде, бізде неге барлығы соншалықты қымбат? Мәселен, АҚШ пен Еуропа елдерінде көліктің көптеген түрлері бар. Әрине, Қазақстан өте үлкен мемлекет екенін түсінеміз. Бір қаладан екінші қалаға сапарлау қымбатқа түседі. Дегенмен де өңірлер Астана мен Алматы секілді дамып, аймақтардағы коммуникациялар тиісті деңгейге жеткізілуі тиіс»,-деді Светлана Романовская.