«Парламенттегі жұмысымда тәжірибе жинақтап алдым деп сеніммен айта аламын. Спорттан бөлек, түрлі салалардағы мән-жайды тереңірек біле бастадым. Жалпы өзіме осында ұнайды және жұмыс ауқымы көп. Үнемі құжаттарды оқумен боласың»,-деп бағалады Сәпиев депутаттық лауазымдағы қызметін.
Бұдан бөлек ол жаз кезіндегі демалысын қайда өткізетінін айтып берді.
«Жазда қайда баратынымды нақты жоспарлаған жоқпын. Бірақ Алматыға міндетті түрде барамын. Зайыбыммен тауға шығуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар сонда ата-анамды да алып барамын. Негізі жазда Қазақстанда болуды қарастырудамын»,-деді ол.
Естеріңізге сала кетейік , бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, алтыншы сайланған Парламент екінші сессиясын аяқтады.
Бұдан бұрын хабарланғандай , 2017 жылдың ақпанында олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Парламент Мәжілісінің депутаты болды.