«Халықпен кездесуде жұрт осы заңға қашан қол қойылатынын сұрап жатыр. Жалпы халық бұл заңды күткен еді, жақсы қабылдап жатыр деп оайлаймын. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру арқылы - мемлекет халыққа және мемлекет өзіне тиесілі нәрсеге қол жеткізіп жатқанын халық көріп отыр. Екіншіден, заң кейбір тармақтарын қоспағанда, қол қойылғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді. Сосын осы құжат жұмыс істей бастағанда, қаржы қайтарылатын болады, қайтарылған сомалардың барлығы арнайы шоттарға аударылады. Барлық мүлік елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталады. Қолданыстағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруға жұмсалады. Яғни, бұл біздің азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істейді», - деп атап өтті телефон арқылы әңгіме барысында депутат Магеррамов.
Сондай-ақ, мәжілісмен заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі заң іс жүзінде қалай жұмыс істейтініне де тоқталды. Оның айтуынша, Бас прокуратура жанынан уәкілетті орган құрылады. «Оның міндеті - заңсыз сатып алынған активтерді іздеу, растау. Бұл орган жыл сайын заңсыз активтерді сатып алуға қарсы іс-қимыл жөнінде ақпарат дайындайды. Жалпы, құжат бойынша заңсыз активтерді сатып алудың себептері мен шарттарына тосқауыл қойылады. Екі жол бар: мәжбүрлі және ерікті. Заңсыз мүлік сатып алғанын түсінетін адамдардың бәрі сол алғанын мемлекетке қайтару керектігін жеткілікті түсінеді деп үміттенемін», - деді депутат.
Оның айтуына қарағанда, егер азамат активтерді өз еркімен қайтарудан бас тартса, мәжбүрлеп тәркілеу механизмі қолданылады. Бұл мәселемен уәкілетті орган айналысады. Ал заңдағы негізгі норма – азаматтық тәркілеу.
«Кейбіреулер азаматтық тәркілеу қылмыстық тәркілеуді алмастырады деп қате түсіндіреді. Бұл екеуі қатар жұмыс істейді, бірақ қылмыстық немесе әкімшілік тәркілеуді алмастырмайды. Бүгінде әлемде азаматтық тәркілеу құралы кеңінен қолданылуда. АҚШ, Германия сияқты дамыған елдер азаматтық тәркілеу бар. Бұл заңсыз сатып алынған активтерді өте тиімді қайтаруға мүмкіндік береді, өйткені кінәсіздік презумпциясы жоқ. Яғни, егер айыптаудың қылмыстық құрамы оның заңсыз екенін дәлелдеуі керек болса, азаматтық тәркілеуде, егер адам тізілімге кірсе, олар сатып алынған активтердің заңдылығын дәлелдеуі тиіс. Сондай-ақ, азаматтық тәркілеу шарасының мерзімі ескірмейді. Егер қандай да бір азамат үшін өзінің заңсыз иеленгенінің бәрін мемлекетке қайтаруға ақыл-ойы жетпесе, ол азамат қанша уақыт өтсе де, заң алдында жауапқа тартылады», - деп түсіндірді М.Магеррамов.
Оның сөзінше, жалпы алғанда, азаматтық тәркілеу заңсыз сатып алынған активтерді қайтару рәсімін жеңілдетеді.
«Сондықтан бұл өте маңызды. Менің ойымша, бұны енгізіліп отырған негізгі институт деуге келеді. Заң күшіне енгенде біз оның нәтижелеріне, тиімділігіне тез көз жеткізе аламыз және қайтарылған активтер біздің еліміздің игілігі үшін жұмыс істейді деп үміттенеміз. Ал активтерді адал сатып алғандар ештеңеден қорықпаса да болады. Оларды қорғайтын механизм бар», - деді депутат.
Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға қол қойды.