Депутат зорлық жасағандарға жазаны күшейтуді ұсынды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың бастамасымен зорлау қылмысына қатысты заңды қатайту мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас прокуратурасы, «NurOtan» партиясының қоғамдық ұйымдар мен адвокаттардың қатысуымен өткенжиында ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев зорлау қылмысын ортаауыр қылмыстан ауыр қылмыс түріне ауыстыруды ұсынды.

«Әйелдерге қатысты –зорлық-зомбылық өте көбейіп кетті.Бұл біздің намысымызға тиетін тенденция. Сондықтан, зорлау қылмысын орта ауырсанаттан ауыр санатқа өткізуіміз керек. Аналарымыз бен қарындастарымыздың арынтаптатып қойып, қарап отырсақ, елдігіміз қайсы? ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені көтеріп, алдағы Жолдауындаосыған қатысты нақты тапсырмалар беретінін айтты. Біз де осы мәселеге өзүнімізді қосу үшін бас қосып отырмыз», - деген депутат қазақ тарихында мұндайқылмыс өліммен жазаланғанын еске алды.

«Егер зорлау қылмысын ауыр санатқа өткізсек, екі жақтың келісіміменісті жабу мүмкін болмайды. Зорлық жасаған адамды бас бостандығынан айыружазасын да қатаңдатып, мерзімін ұзарту қажет деген ойдамын. Ал зорлыққа тап болған әйел адамдарға тергеубасталған кезден бастап барлық жағдай жасалуы керек. Біріншгіден, психологбөлінуі керек. Екіншіден, мемлекеттің қаржыландыруымен адвокат бөлінуікерек. Куәгерлерді қорғау жүйесі, зардапшегушіні қорғау жүйесі бойынша да зорлық көрген адамның құқығы қорғалуы қажет»,- деді Нұржан Әлтаев.

Депутат адам зорлау сияқты айуандық қылмыс жасапсотталғанымен, мерзімінен бұрын босап жатқандар бар екенін де айтты.

«Осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың кейбірімерзімінен бұрын босап жатады. Олай болмауы керек. Біз дәл осы зорлық қылмысы үшін сотталғанадамдарды мерзімінен бұрын шартты босатубабын заңнан алып тастау керек деген ұсыныс енгізбекпіз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар