Өз сөзінде депутат әскери қызметшілермен болған қайғылы оқиғаларға тұтас қоғам алаңдаулы екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай оқиғалардың көптеген себебі бар және оны шешуге әсіресе заңнамалық деңгейде көптеген ұсыныстар бар.
«Парламент қабырғасында әскери-патриоттық тәрбие бойынша заң жобасымен жұмыс жүргізілуде. Әскерге шақыруды ұйымдастырудағы өзгерістер талқыланып жатыр. AMANAT партиясының Әйелдер қанаты Мәжіліс депутаттарының қатысуымен психологиялық қызметтердің, оның ішінде әскердегі қызметтер туралы заң жобасын әзірлеп жатыр», - деп түсіндірді ол.
Ю.Кучинская барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына осындай өзгерістерді талқылау жөніндегі жұмысқа қосылуды ұсынды.
Оның айтуынша, қоғаммен сындарлы, сенімді диалог қана оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.