Депутаттар балаларды зиянды ақпараттардан қорғау мәселесін талқылады

None
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері өскелең ұрпақты адамның ой-санасының дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау мәселесін талқыға салды.

Мәжілісте депутаттар бастамашы болған «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының кезекті отырысы болып өтті.

Заң жобасын әзірлегендер - Парламент Мәжілісінің депутаттары Гүлнар Сейітмағанбетова, Алдан Смайыл, Гүлмира Исімбаева, Светлана Бычкова.

Аталған комитеттің мүшесі, жұмыс тобының жетекшісі Алдан Смайыл салыстырма кестеге енгізілген заң жобасын бірқатар баптар бойынша жеке-жеке қарауға шақырды.

Жұмыс тобының отырысында Мәжіліс депутаттары Гүлнәр Ықсанова, Надежда Нестерова, Зухра Саяпова, Құралай Қарекен, Оразгүл Асанғазы бірнеше түзетулер бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Бүгінгі таңда салыстырма кестеге салалық комитеттер мен депутаттар ұсынған 44 түзету енгізілген.

Алдан Смайыл өз сөзінде қазір қоғам да, адам да өзгеріп жатқанын, бүгінгі заманға сай заңды шығару қажет екенін айтты. Жас ұрпақты кері тәрбиелеуге немесе арандатуға шақыратын ақпараттан қорғау баршамыздың міндетіміз екенін еске салды.

Заң жобасында компьютерлік және өзге де элек­тронды ойындарды таратушылардың мін­дет­тері айқындалған. Ондай ойындарда ба­ла­ларға ұсынуға тыйым салынған ақпарат­тық өнімдерге тән көріністердің болмауына мән беріліп отыр.