Депутаттар Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында болады

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  Ертең 8 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына Мәжіліс депутаттары Ольга Киколенко («Нұр Отан» ХДП фракциясы), Анатолий Пепенин («Нұр Отан» ХДП фракциясы) және Егор Каппель (Қазақстан Халқы Ассамблеясы) жұмыс сапарымен барады.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жұмыс кестесіне орай,  депутаттар Явленка ауылында аудан белсенділерімен (сағат 10.00-де аудандық әкімшілік ғимаратында, Ленин көшесі, 10 үй) кездеседі. Бұдан бөлек, халық қалаулылары Покровка ауылында «Моншақ» балалар бақшасының, одан кейін «Агро-техникалық институт» ұжымымен жүздесуді жоспарлап отыр. Басқосудың тақырыбы -  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын халыққа жеткізу.