Депутаттар ең төменгі жалақының мөлшерін көтеруді ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2026 — 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Осы орайда палатаның Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында ең төменгі жалақының мөлшерін көтеру ұсынылған.
— Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген ең төмен жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін қабылдауға байланысты (Мәжілістің) Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төмен жалақының мөлшерін 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін ұлғайту жағына қарай қайта қарау қажет деп есептейді, — делінген Мәжіліс комитетінің ақпаратында.
Бұған дейін хабарланғандай, бір миллионнан астам қазақстандық ең төменгі немесе одан да төмен жалақы алады.
Айта кетейік, жақында Сенат «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131-конвенция) ратификациялау туралы» заңын мақұлданды.